Елордадағы Кіші Талдыкөлдің тағдыры не болмақ - әкімдік түсінік берді

Елордадағы Кіші Талдыкөлдің тағдыры не болмақ - әкімдік түсінік берді

Елордадағы Кіші Талдыкөлдің тағдыры не болмақ - әкімдік түсінік берді
ашық дереккөзі
Көпшілікті мазалап, жұртшылықты толғандырған Кіші Талдыкөл тағдырына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағы бір рет ресми түсініктеме берді, - деп жазды ҚазАқпарат. «Талдыкөл көлі мен сулы-батпақты Кіші Талдыкөлді шатастырмау керек. Елорданың бас жоспарына сәйкес, қаланың шығысында орналасқан Талдыкөл көлінің бойында көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Әрине тұрғын үйден бөлек, мектеп, балабақша, емхана және басқа да әлеуметтік нысандар тұрғызылмақ. Осы тұста айтарым, көлдің өзіне тиіспейміз, керісінше оның маңына үй салып, инфрақұрылымды дамытамыз. Сол сияқты батпақты лас суды тазартуды көлді жою деп түсінетін секілді. Бізде көлді жою мақсаты жоқ, керісінше оның лас батпақтан тазартып, сақтап қалмақпыз. Себебі экологиялық көрсеткіштер бойынша оның сулы-батпағы лас әрі зиян», - деді Нұр-Сұлтан қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қазіргі таңда Кіші Талдыкөлді зиянды заттардан тазартуға дайындық жұмысы жүріп жатыр. «Кіші Талдыкөл - баяғыдан батпақты жер. Оның аумағына Целиноград кезінде кәріз қалдықтарын тастаған. Эколог ретінде айтарым, қаланың ішінде немесе жақын жерде жағымсыз иісі бар объект болмауы керек. Бұл туралы БҰҰ-ның да тиісті стандарты бар. Бұл жерде қала әкімдігі көлді сақтап қалудың қамын жасап жатыр. Яғни, тұрғын үйді салушы компанияға көлді тазартып, сақтап қалу талабын қойып отыр. Жасанды бассейн болмақ, оның аумағы - 20 гектар. Оның үстіне маңында саябақ болады. Егер расымен көл тазартылып, сақталып қана қоймай, ондағы инфрақұрылым реттелсе, бұл - сол көлдің болашағы үшін күрескен экологтардың жеңісі деп білемін», - дейді «Байтақ болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай.