Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде күн әлі де ыстық болады – Қазгидромет

Қазгидромет синоптиктері жақын күндері өрт қаупі өте жоғары елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ыстықтың беті қайтып, өрт қаупі төмендейтінін хабарлады. 

Қыркүйек айына арналған консультативтік ұзақмерзімді ауа райы болжамын ескере отырып, елдің оңтүстік бөлігінде екінші және үшінші онкүндікте де ауа температурасы климаттық нормадан 10 есе жоғары болып, жауын-шашын мөлшері көп жылдық мәннен аз болатын құрғақ ауа-райы болжанады.

Осыған байланысты Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жағдайының жоғары және өте жоғары санаты күтіледі.

«Республика аумағының басқа бөлігінде Атлант және Солтүстік циклондар жиілеп, ауа райы құбылмалы болады. Екпінді жел соғып, температура өзгеріп, климаттық нормаға жақын жауын-шашын жауады», – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Back to top button