Жаңалықтар

Елордада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Жекпе-жек сарайының алдында қазақтың даңқты спортшысы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылды.

Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов арнайы қатысты.

2019 жылы ашылған Жекпе-жек сарайына былтырғы жылдың желтоқсан айында Жақсылық ағамыздың есімі берілген болатын. Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров-грек-рим күресінің палуаны, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1980). Әлем чемпионы. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Back to top button