"Мораторийді алып тастау керек": министр шағын және орта бизнесті қайта тексеруді ұсынды

"Мораторийді алып тастау керек": министр шағын және орта бизнесті қайта тексеруді ұсынды

"Мораторийді алып тастау керек": министр шағын және орта бизнесті қайта тексеруді ұсынды
ашық дереккөзі
Микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. «Былтыр енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз», - деді Ерұлан Жамубаев. Жалпы, Қаржы министрлігінің атап өтуінше, ұсынылып отырған іс-шара мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді.