«400 мың теңге алдық»: біреудің көлігін тапсырыспен өртегендер ұсталды

«400 мың теңге алдық»: біреудің көлігін тапсырыспен өртегендер ұсталды

«400 мың теңге алдық»: біреудің көлігін тапсырыспен өртегендер ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда біреудің көлігін тапсырыспен өртеген күдіктілер ұсталды. Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс 2021 жылдың мамыр айының соңында болған. «Зерттеу кезінде анықталғандай, бөгде затты, атап айтқанда жанғыш сұйықтықты пайдаланған үш адам, 33 жастағы С.есімді азаматшаға тиесілі «Киа» маркалы көлікті әдейі өртеген. Күдіктілер ұсталды. Олар өртеу фактісін мойындады және А.есімді азаматтың 400 мың теңге сомасындағы ақшалай сыйақысы үшін тапсырысты орындағандарын айтты. Олардың үстінен ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозағылып, қамауға алынды», – деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы. Ал тапсырыс берушінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлімі, 202-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. «Бүгін сотқа дейінгі тергеу органы А. есімді азаматқа қатысты «қамауда ұстау» түріндегі шараны шығарды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің өкілі.