Балалар үйінің қызметкерлері жетім балалардың азық-түлігіне бөлінген 25,9 млн теңгені қалтасына басқан
Балалар үйінің қызметкерлері жетім балалардың азық-түлігіне бөлінген 25,9 млн теңгені қалтасына басқан
Қаржы мониторингі агенттігі Нұр-Сұлтандағы балалар үйінде 25,9 миллион теңге жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тергеу кезінде мекеменің директоры мен бас бухгалтері айыпты екені анықталған. 2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар бөлінген 130 миллион теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға арналған 25,9 миллион теңгені өз қалтасына басқан.
Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, деп қосты агенттік.