Жаңалықтар

Отандық QazVac вакцинасына швейцариялықтар қызығушылық танытып жатыр

Отандық QazVac вакцинасына швейцариялықтар қызығушылық танытып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazVac вакцинасы Швейцарияда тіркелуі мүмкін екенін айтты.

QazVac вакцинасын ойлап тауып, енді дельта-штамына бейімдеу арқылы жетілдіріп жатқан зерттеушілер тобының жетекшісі Күнсұлу Закарья қазақстандық екпені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу әлі де біраз уақытты, тынымсыз еңбекті қажет ететінін айтады.  Сондай-ақ, ол QazVac-тың Швейцарияда тіркелу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Швейцарияда тіркелу мәселесіне келсек, өздері біздің Сыртқы істер, Сауда және интеграция министрліктеріне шығып хабарласқан болатын. Сондықтан қазір солармен жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені өздері қызығушылық танытты. Кім байланысқа шықса, солармен жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы қасымызда бауырлас елдер бар. Қырғзыстаннан басқалары ешқандай ұсныспен шыққан жоқ. Ал алыстағы Швейцария өздері шығып, «көмектесейік, тіркеуден өтсеңіздер Африка, Латын Америкасына шығаруға болады» дегендей мәселелерді айтып, байланысты», – дейді Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

 

 

Back to top button