"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның (АМТ) 25 жастағы қызметкері тоққа түсіп қаза тапты.
Бұл туралы patriotkaragandy парақшасы хабарлады.
«Марқұмның отбасына және оның әріптестеріне психологиялық көмек көрсетіледі. Марқұм екі жыл бес ай жұмыс істеген», – деп мәлімдеді ЖЭС әкімшілігі.
«6 қыркүйекте ЖЭО-ПВС-да ток соққысынан 1996 жылы туған электрослесарь қаза тапты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр», – деді АМТ баспасөз қызметі.
Істі Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың комиссиясы тексереді.