100 миллионға келіскен: Антикор жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын растады

100 миллионға келіскен: Антикор жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын растады

100 миллионға келіскен: Антикор жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғанын растады
ашық дереккөзі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысының экология департаменті басшысының орынбасарын парамен ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Ол бұған дейін келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент ПД УҰИ - ға қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада. Еске сала кетейік, бұдан бұрын желіде Бас экологиялық инспектор - Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Бекзат Тілегеновтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.