Жаңалықтар

Балқашта педофилді азаптаған 4 полицейге үкім шықты

ашық дереккөзі

Балқашта педофилді азаптаған 4 полицейге үкім шықты

Балқашта педофилді азаптаған 4 полицейге үкім шықты. Олар 9 және 10 жылға сотталып, атақтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Балқаш қалалық сотында жергілікті криминалдық полиция бастығы мен оның үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды. Олар ҚР ҚК 146-бабының 3-бөлігі "жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген азаптаулар" бойынша айыпталды. Жәбірленуші педофилия бойынша сотталған Балқаштың 44 жастағы тұрғыны. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2019 жылғы қазанда тәртіп сақшылары тарапынан зәбір көрген. "Барлық 4 сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Ол іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жүргізілген сараптамалардың нәтижелерімен және жәбірленушінің айғақтарымен расталады. Сот екі сотталушыны 9 жылға, тағы екеуін 10 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колонияларында өтейді. Сондай - ақ олар үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және отставкадағы полиция подполковнигі, майор, аға лейтенант және полиция лейтенанты арнаулы атақтарынан айырылды", - деп үкім шығарды судья Бахтияр Аханов. Сотталғандар өз кінәсін мойындамады. Үкім жарияланғаннан кейін олар онымен келіспейтіндерін мәлімдеді.