Елімізде "дінге сенбейтіндер құқығы" заңдастырылмақ

Елімізде "дінге сенбейтіндер құқығы" заңдастырылмақ

Елімізде "дінге сенбейтіндер құқығы" заңдастырылмақ
ашық дереккөзі

Елімізде "дінге сенбейтіндер құқығы" заңдастырылмақ.

Бұл туралы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz. Брифингте журналистер комитет басшысына 2017 жылы елде дінге сенбейтіндер құқығын қорғау туралы заң жобасын қарастыру көтерілгенін еске салып, "мұндай өзгерістер қазір жоспарланған ба" деп сұрады.
"Комитеттің осы бағыттағы жұмысына келетін болсақ, біз дінге сенетіндердің де, сенбейтіндердің де құқығын толық қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нақты түзетулер аясында "дінге сенбейтіндер құқығы" деген ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта дінге сенетіндер құқығы бар. Біз зайырлы мемлекетпіз, дінімізге, конфессиямызға, ұлтымызға қарамастан бәрінен бұрын заң бар. Біз соған ұмтыламыз", - деді Ержан Нүкежанов ОКҚ брифингінде.
Айта кетейік, 2017 жылы елімізде "дінге сенбейтіндер құқығын" заңды түрде қорғау жоспарланған еді.