Жаңалықтар

Дариға Шәкімова дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді

ашық дереккөзі

Дариға Шәкімова дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді

Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова елорданың №37 және №27 мектептерінде «Астана» Президенттік клубының спорт менеджері, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың қатысуымен ашық сабақтар өткізді. Бұл туралы елорданың ресми сайтында хабарлады. «Физкульт-Ура» жобасы балалар мен жасөспірімдерді арманға ұмтылуға, табысқа жетуге ынталандырады. Олимпиада чемпиондары - Қазақстандағы миллиондаған балаға үлгі болатын адамдар. Әркімнің мақсатқа жетер жолы қиын, бірақ ең бастысы - тоқтамай, сол мақсатқа ұмтыла білу», - деді Дариға Шәкімова. Сабақтан кейін № 37 мектептің дәріс залында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында балалар спортшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Юрий Мельниченко жастардың биік жетістіктерге жету үшін мүмкіндіктері бар екенін, бірақ бұл үшін денің сау болып, дене шынықтырумен айналысу қажеттігін атап көрсетті. «Физкульт-Ура» - Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қамқорлығымен өткізілетін, балаларды және жасөспірімді дене шынықтыру және спортпен айналысуға шақыратын жоба. Әлеуметтік жоба Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында өтті. Оған Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сапиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова сияқты әйгілі спортшылар қатысты.