8 қыркүйекте қандай елеулі оқиғалар болды?
8 қыркүйекте қандай елеулі оқиғалар болды?
1993 жылы Алматыдағы Мұраттас ғылыми-зерттеу баспа орталығы Әзірет сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің Ақыл кітабын (Диуани хикмет) қазақ тілінде жарыққа шығарды.
1994 жылы Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды.
1997 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауылында Жәңгір хан кесенесінің ашылу салтанаты болды.
2000 жылы Алматыда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған Болашаққа сеніммен атты фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті. Отан партиясының ұйымдастыруымен жарық көрген альбомда Елбасының жеке мұрағатынан алынған суреттер пайдаланылған.
2001 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан картасы: Атамекен деп аталатын жаңа этномемориалдық парктің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, оның лентасын қиды. Бұл картада Қазақстанның барлық аймақтары қамтылып, еліміз аумағында орналасқан 100-ден астам нысан түпнұсқасынан айнымайтындай етіп көрсетілген. Олардың арасында қалалар, ондағы басқару мекемелері, мәдениет ошақтары, ірі өндіріс орындары, тарихи ескерткіштер қамтылған.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Австрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Австрияның бұрынғы канцлері Франц Враницкийді І дәрежелі Достық орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
2005 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Үкiметтiк емес ұйымдары Ұлттық ақпараттық қор орталығының және оның ресми сайтының таныстырылымы болды.
2006 жылы Моңғол ұлттық қоғамдық телеарнасында ТВ-Толқын атты қазақ бағдарламалары редакциясы өз жұмысын бастады. Теледидарлық бағдарлама қазақ тілінде аптасына 1 рет жарық көреді.
2007 жылы Қобда ауданының Жиренқопа ауылында Қобыланды батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
Авторы - сәулетші Бек Ыбыраев. Қобда жағалауындағы мемориалдық кешен әскери тақырыпта салынған. Әскери бас киіміне ұқсатып жасалған дөңгелек ғимарат бұрынғы жерленген жерде бой көтерді. Мавзолейге бара жатқан жолда меңгір-тастары орнатылған, олар қолбасшының тыныштығын сақтайтын сарбаздар сияқты. Шетінде әскери жебеге ұқсатылып жасалған ғимарат, онда кішігірім мұражай және саяхаттанушыларға арналған қонақ үй бар.
2007 жылы қыркүйектің 8-9 күндері Щучинск-Бурабай демалыс аумағында Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа заңына арналған Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ-ның кубогы үшін І республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.
Шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ.
2009 жылы 8-12 қыркүйек аралығында Астана мен Алматыда Үнді мәдениеті мен асханасының апталығы фестивалі болып өтті.
2010 жылы Сарыарқа баспасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөздерінің таңдамалы 5 томдық жинағын жарыққа шығарды. Жинаққа Мемлекет басшысының 1989-2009 жылдардағы тұжырымдамалық және бағдарламалық сипаттағы ең маңызды сөйлеген сөздері енді.
2010 жылы Астанада Болашақ госпиталі I Халықаралық медициналық іскерлік форумы өтті. Форумға спикерлер ретінде Франция, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінен денсаулық сақтау саласындағы беделді сарапшылар шақырылды.
2012 жылы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Бельгияның Брюссель қаласында өткен Гауһар лигасында жеңіске жетті.
Гауһар лигасы Алтын лиганы алмастырған жеңіл атлетика бойынша жыл сайын өтетін коммерциялық жарыстар топтамасы. Бұл лигаларды жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы ұйымдастырады.
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тәуелсіздік сарайында 30-дан астам суретші, зергер мен мүсіншілер бірлесіп, көрме ұйымдастырды.
2015 жылы Қазпошта АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.
2016 жылы Астанада әлемдегі алғашқы халықаралық қобызшылар конкурсы ашылды. Оған Америка, Азия және Еуропа елдерінен келген 30-дан астам өнерпаз қатысты. Салтанатты рәсім аясында Тiлеп Қобыз Сарайы көпбейінді кешенінде Тілеп Аспантайұлының (1757-1820) ескерткіші ашылды.
2016 жылы Нұртас Адамбайдың Тараз фильмі Үздік әлеуметтік-криминалдық драма санаты бойынша Лос-Анжелесте өткен кинофестивальге қатысты.