Жаңалықтар

«Ес-түссіз жатыр»: дәрігерлер аю тістеп алған қыздың жағдайын айтты

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта аю тістеп алған қыз жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. 

Аталмыш ведомство кеңейтілген консилиум өткізілгенін хабарлады.

«Консилиум қан тамырлары хирургтарының қатысуымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы Болат Нағимановпен бейнебайланыс арқылы өткізілді. Әрі қарай емдеу тактикасы талқыланды. Қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, жасанды комада реанимацияда жатыр», – деп хабарлады басқарма.

Еске сала кетейік, Қостанай ауданында демалыс орнында 5 жасар қызды аю тістеп алған болатын. Кейінірек қызға ота жасалғаны, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды.

Back to top button