Жамбылдағы жарылыс: тағы бір әскери ауруханада көз жұмды

Жамбылдағы жарылыс: тағы бір әскери ауруханада көз жұмды

Жамбылдағы жарылыс: тағы бір әскери ауруханада көз жұмды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында болған жарылыстан жарақат алған капитан ауруханада қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаты салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрі сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан көз жұмғандар саны 16 адам болды, тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.