"Істі бұрмалап жатыр": Азапталып өлтірілген денесі егістіктен табылған жігіттің жақындары көмек сұрап отыр

"Істі бұрмалап жатыр": Азапталып өлтірілген денесі егістіктен табылған жігіттің жақындары көмек сұрап отыр

"Істі бұрмалап жатыр": Азапталып өлтірілген денесі егістіктен табылған жігіттің жақындары көмек сұрап отыр
ашық дереккөзі

Шымкентте 24 жастағы жігітті азаптап өлтіріп, егістікке апарып тастаған. Марқұмның жақындары азапты өлімге қатысы бар күдіктілер түгел ұсталмағанын айтады. Тіпті, бұл істі бұрмалап жатқандардың арасында құзыр орган өкілдері де барына сенімді, деп хабарлайды AstanaTV тілшісі.

Марқұмның анасы Ғалия Жаңабаеваның айтуынша, ұлы түнде көлік жөндеу орнына баратынын айтып, шығып кеткен. Көлігін жөдеуге қалдырған, бірақ қайтадан оралмаған. Арада екі тәулік өткенде марқұмның денесі Түлкібас ауданындағы егістіктен табылған. Марқұмның туыстары жас жігіттің азаппен өлтірілгенін жаназа уақытында бір ақ білген. Сосын жерлеу рәсімін шұғыл тоқтатып, мәйітті сараптамаға жіберген. https://youtu.be/1-cAIiWxXJc
«Оны көлік жуатын пистолетпен жуған, қанын жуған. Ыстық сумен жуған. Денесінің бәрі күлдіреп кеткен. Не деген масқара мынау?! Мына жерін қараңызшы, терісін жұлып алған», - дейді марқұмның туысы Нұрлан Абанов.
Куәгерлердің айтуынша, Айбекті (марқұм) көлік жуатын орындағы екі жігіт өлтірген. Олар қазір қамауда. Алайда, Нұрлан Абанов өлімге қатысы бар күдіктілердің түгел қамалмағанын айтады. Ал мәйітханадағылар марқұмның «өз қанына өзі тұншығып өлгенін, еш жері сынбағанын» айтып, ауызша қорытындымен шектелген.
«Бұл автожуу орны прокурордыкы деп естідік. Демек, бұл жерде прокурор да күдікті болып тұр. Бәрі сол кісінің айтуымен болып тұр. Қазір мен солай күдіктеніп тұрмын. Істі бұрмалап, өзі өлді етіп жаппақшы болған», - дейді Нұрлан Абанов.
Марқұмның анасы да бұл іске прокурордың қатысы барын айтады.
«Ол Түлкібас ауданында прокурор боп істеген екен. Шымкент қаласына ауысқанына бір жыл болған екен. Беркінбаев деген жаңағы Бағдәулет деген қандықол қарақшының нағашы ағасы. Бұл оған жиен болады. Содан өлтіріп, оған ақыл кеңес беріп отырған. Сөйтіп оны Түлкібас ауданына апарып, мақсарының арасына тастаған», - дейді Ғалия Жаңабаева.
Айбекті соңғы көрген адам - көлік жөндеуші. Түнгі сағат 11-ге таман келгеннен кейін түн ортасына дейін қасында болыпты. Оның сол жерде көлік жуатын жігітпен қалғанын айтады. Қылмыстың осы жерде болғанын айғақтайтын жазба да бар екен. Жазбада Айбектің құлағанына қарамастан, бірі басынан тепкілеп жатыр. Үш жігіттің арасындағы ерегіс көлік жуу орнының осы артқы жағында болған. Бұл шамамен таңғы сағат төрт жарымдардың шамасы. Бірақ марқұмның туыстарының айтуынша, неге екені белгісіз мұнан өзге бейне жазба сақталмаған.