Браконьерлерге қолдау көрсетіп отырған балық қорғау инспекторлары ұсталды
Браконьерлерге қолдау көрсетіп отырған балық қорғау инспекторлары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері браконьерлерге қамқорлық жасады деген күдікке ілінген балық шаруашылығы қызметінің екі инспекторын ұстады, деп хабарлайды АқЖайық.
Жайық сағасындағы балық аулайтын жерлердің бірінде мемлекеттік тапсырыс бойынша шабақ өсірумен айналысатын балық өсіру зауыты қайта суға жіберілуі тиіс бекіре тұқымдас балықтарды сатып отырған.
Әрі қарай, жедел бақылау шарасы барысында екі инспектордың да теңіздегі браконьерлерге қамқорлық жасайтыны анықталды. Олардың біреуі қала маңындағы Дамба ауылында өзен жағасынан ұсталды. Ол екі балықшымен бірге теңізден оралған беті екен. «Амур» моторлы қайығынан жедел қызметкерлер 50 келідей қара балықты тапты. Ал кейінірек навигациялық аспапқа «соғылған» координаттар бойынша теңізден бос қытайлық аулау торы табылды. Екінші инспекторды үйінен алып кетті, тінту кезінде қызыл балықтың бір кесегі тәркіленді, деп жазылған хабарламада.
Жалпы, тергеу жорамалы бойынша, балық қорғау инспекторлары браконьерлерге тәртіп сақшыларының рейд жүргізетінін алдын ала ескертіп, теңізге алаңсыз шығуға жағдай жасап тұрған.