Өскемен тұрғыны вакцина лотореясынан көлік ұтып алды

7 қыркүйек, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Өскемен тұрғыны вакцина лотореясынан көлік ұтып алды Өскемен тұрғыны вакцина алғандар арасында ойнатылған лотореядан көлік ұтып алды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram-дағы парақшасында жазды.
Әкім ең алдымен вакцинаның маңызына ерекше тоқталды. Вакцина алғандардың саны өсуі үшін біз барлық мүмкін шараларды қабылдап жатырмыз. Олардың бірі - вакцина алғандар арасында жүлделі ұтыс ойындарын ұйымдастыру. Бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосқан адамдар, сөзсіз, осы көтермелеуге лайық.
Сонымен қатар әкім жеңімпаз қала тұрғынын құттықтады.
Кеше біздің бас жүлде - Chevrolet Nexia автокөлігінің ұтыс ойыны өтті. Бүкіл процесті кез-келген адам бақылай алатын қоғамдық комиссия басқарды. Бақытты жеңімпаз Надежда Викторовна - №36 орта мектептің қызметкері. Мен Надежда Викторовнаны шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға, вакцина алғандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді, - деп жазды Жақсылық Омар.