Бейсенбі, 23 Наурыз, 2023

Өскемен тұрғыны вакцина лотореясынан көлік ұтып алды

Өскемен тұрғыны вакцина алғандар арасында ойнатылған лотореядан көлік ұтып алды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram-дағы парақшасында жазды.

Әкім ең алдымен вакцинаның маңызына ерекше тоқталды.

Вакцина алғандардың саны өсуі үшін біз барлық мүмкін шараларды қабылдап жатырмыз. Олардың бірі – вакцина алғандар арасында жүлделі ұтыс ойындарын ұйымдастыру. Бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосқан адамдар, сөзсіз, осы көтермелеуге лайық.

Сонымен қатар әкім жеңімпаз қала тұрғынын құттықтады.

Кеше біздің бас жүлде – Chevrolet Nexia автокөлігінің ұтыс ойыны өтті. Бүкіл процесті кез-келген адам бақылай алатын қоғамдық комиссия басқарды.

Бақытты жеңімпаз Надежда Викторовна – №36 орта мектептің қызметкері. Мен Надежда Викторовнаны шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға, вакцина алғандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді, – деп жазды Жақсылық Омар.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button