Денсаулық сақтау министрі А.Цой: Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өсті
Денсаулық сақтау министрі А.Цой: Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өсті
Елімізде 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы: дәрігерлерге 30% - ға, орта медицина қызметкерлеріне 20% - ға өсті. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында министр А.Цой мәлімдеді.
"Эпидемияға қарсы іс-шараларға 49 705 медицина қызметкері, резервке 9 100 медицина қызметкері жұмылдырылды. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру 11 мың 800 маманмен қамтамасыз етілді. Өңірлерге 4 641 жас маман бөлінді. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы: дәрігерлерге 30% - ға, орта медицина қызметкерлеріне 20% - ға өсті. Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақындату үшін мобильді медицина белсенді түрде енгізілуде. 2021 жылдың соңына дейін жылжымалы медициналық кешендердің күшімен 2,6 млн.адамды қамту жоспарлануда", - деді А. Цой.
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде бірқатар шешімдер іске асырылды, соның арқасында қан алуды ресімдеу уақыты 2,5 есе, учаскелік дәрігерге және тар мамандарға жазылу – 5 есе, зертханалық және диагностикалық зерттеулерге жолдамалар тағайындау – 3,5 есе, үйге шақыруларға қызмет көрсетуді ресімдеу және зертханалық зерттеулер нәтижелерін алу – 5 есе қысқартылды.