Мектепке "бомба қойылды" деп жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде 

Мектепке "бомба қойылды" деп жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде 

Мектепке "бомба қойылды" деп жалған ақпарат таратқан адам іздестірілуде 
ашық дереккөзі
Ақтөбеде тағы бір мектепке “бомба қойылды” деген жалған ақпарат таратқан адамды полицейлер іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе облысы ПД ҚҚБ электрондық поштасына Тургенев көшесі 75 мекенжайындағы ҚазГЗУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шығып, ғимаратты жарылғыш құрылғылардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Полиция департаменті анонимді хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.