Жаңалықтар

«Негізгі мақсат – Париж Олимпиадасында 3-4 алтын алу»: Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері жоспарын айтты

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері жаңа қызметке тағайындалысымен, алдағы жоспарын бөлісті.

Бұл туралы vesti.kz жазды.

«Бұйырса алдымызда 26 қазан мен 5 қараша күндері әлем чемпионаты өтеді. Оның алдында Ақтауда халықаралық турнир болады. Дегенмен, биыл Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар. Жастардың бабын бақылаймыз. Негізгі мақсат – 2024 жылы Париж Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу. Мүмкін болып жатса 3-4 алтын алу. Сол үшін қазірден бастап аянбай тер төгетін боламыз», – дейді Қайрат Сәтжанов.

Back to top button