Кен орнындағы өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы толық ақпарат жарияланды

Кен орнындағы өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы толық ақпарат жарияланды

Кен орнындағы өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы толық ақпарат жарияланды
ашық дереккөзі
Маңғыстаудағы Боранкөл кен орнындағы жатақханада шыққан өрттен зардап шеккен 2 адам Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Олардың бірін санавиациямен облыстық ауруханаға жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Зардап шеккендердің екеуі де вахталық әдіспен жұмыс істейді. Өрт кезінде терезені шағып, екінші қабаттан секіріп, түрлі дәрежедегі жарақат алған. "ҚазМұнайТеңіз" компаниясының медицина қызметкерлері зардап шеккен жұмысшыларды Боранкөл аудандық ауруханасына жеткізді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, екеуі де Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі 1984 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Атырау облысы Құлсары қаласы Жылыой ауданының 1965 жылы туған тағы бір тұрғыны ауруханаға жеткізілген кезде есін жоғалтқан.
Қазір жалпы жағдай қанағаттанарлық деп бағаланы. Олар дәрігерлердің бақылауында. Жақын арада амбулаториялық емделуге үйлеріне жіберіледі, - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, оқиға орнында екі адам қаза тапты. 1963 жылы туған ер адам Ақтау қаласының тұрғыны. Қаза тапқан екінші әйел 1976 жылы туған, Бейнеу ауданының тұрғыны.