Қазақстан Түркияға ұшатын әуе рейстерін көбейтеді

Қазақстан Түркияға ұшатын әуе рейстерін көбейтеді

Қазақстан Түркияға ұшатын әуе рейстерін көбейтеді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерді көбейту мәселесі талқыланды. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana - 17 қыркүйектен, Turkish Airlines - 25 қыркүйектен) Алматы – Ыстамбұл бағытындағы рейстер санын 2-ден 3 рейске дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе - Ыстамбұл бағытында аптасына 2 рейспен ұша бастайды. Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.