Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
ашық дереккөзі
Бокстан ерлер мен әйелдер құрамаларына жаңа бапкерлер тағайындалды, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі. Ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне Қайрат Сатжанов тағайындалды. Ал әйелдер командасын Шамиль Сафиуллин жаттықтыратын болды. [caption id="attachment_154565" align="alignnone" width="300"] width= Шамиль Сафиуллин[/caption] Айта кетейік, бұған дейін 2018 жылдан бері бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарған Ғалым Кенжебаев боксшылардың Токио Олимпиадасында төмен нәтиже көрсеткені үшін отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. «Басшылық отставкаға кету туралы өтінішіме қол қойды. Менің ешкімге ренішім жоқ. Барлық боксшы іріктеуден өтті, ешкімді құлағынан тартып әкелмедік, ұлттық құрамаға үздік боксшылар ұсынылды»,– дейді бапкер. Сондай-ақ, бапкер бокстан ел чемпионы атанған Сабырхан Махмұдқа Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бере алмағаны үшін өкінетінін айтты.