__Маңызды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Марат Құсайынов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының үкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Марат Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысының «Амантау» совхозында дүниеге келген.

1988 жылы Челябі жоғары танк командалық училищесін, 1997 жылы РФ ҚК бронетанктік әскерлерінің Әскери академиясын, 2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын тәмамдаған.

Офицерлік қызметін Белорус әскери округінде взвод командирі қызметінен бастады.

1993-1997 жылдары танк ротасының, оқу танк батальонының, танк полкінің, танк дивизиясының командирі болды.

1997-2005 жылдары мотоатқыштар бригадасы штабының бастығы – командирінің орынбасары, Қорғаныс министрлігінің әскери-ғылыми орталығы әскери-арнайы зерттеулер басқармасының бастығы, мотоатқыштар бригадасының командирі, жағалау қорғанысы бригадасының командирі болды.

2005 жылдан 2008 жылға дейін механикаландырылған бригаданың техника мен қару-жарақты сақтау бөлімінің бастығы, «Шығыс»өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы жедел басқармасының бастығы болды.

2010 жылғы шілдеден бастап 2016 жылға дейін «Батыс», «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы штабтарының бастығы болды.

2016 жылғы маусымда Президенттің үкімімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы мамыр айында Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы болды.

 

Back to top button