Жаңалықтар

Жалға берілетін пәтерлер, базарлар мен жастар жиналатын орындар тексеріледі

Елімізде «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде ел аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Операция 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы орайда учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген аумақта халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылық жасайтын адамдарды және ішкі істер органдарында есепте тұрғандарды анықтау үшін үйлерді аралайды», – деді Н. Ораз апталық брифингте.

Сонымен қатар жалға берілетін пәтерлер, базарлар мен өзге де сауда орындары, жастар мен кәмелетке толмағандар көптеп жиналатын жерлер, азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі.

Полицейлер саяжайларда, құрылыс нысандарында, қараусыз қалған ғимараттарда тексеру жүргізіп жатыр.

«Ауылда  негізгі күш-жігер қыстауларды тексеруге және тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға, сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану мен тіркелмеген қаруды сақтау фактілерін анықтауға бағытталған», – деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бір апта ішінде ел аумағында 3 012 қылмыс тіркелді, оның 2 040-ы тәулік ішінде ашылды.

Back to top button