Әлеуметтік желі арқылы психотропты дәрілік зат сатқан әйел ұсталды

Әлеуметтік желі арқылы психотропты дәрілік зат сатқан әйел ұсталды

Әлеуметтік желі арқылы психотропты дәрілік зат сатқан әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда психотропты дәрілік зат сатқан шетелдік әйел ұсталды. Облыстық полиция департаментінің ақпаратына қарағанда, Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматшасы психотропты дәрілік зат сатумен айналысып келген. «Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Жұмыскер шағын ауданына есірткіге ұқсас зат жасырып кеткен өзбекстандық 22 жастағы әйелді анықтады. Кейін шетелдік әйел ұсталды. Күдіктінің жасырғаны «Альфа-PVP» психотропты дәрілік заты екені белгілі болды. Шетелдік әйел оны «Телеграмм» желісі арқылы сатып алғанын мойындады», – дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.