"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Мужахид Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын айтты. Бұл туралы жергілікті Shamshad News телеарнасы хабарлады.
"Ауғанстандағы соғыс аяқталды. Енді біз елді қалпына келтіру үшін бірге жұмыс істейміз", - дейді Мужахид.Бұл - Ауғанстандағы соғыстың аяқталғаны туралы тәліптердің екінші мәлімдемесі. Біріншісі 16 тамызда Кабулды басып алғаннан кейін бір күн өткен соң жасалды.