Оралда мектептегі кварцтан оқушылардың көздері зақымданды

Оралда мектептегі кварцтан оқушылардың көздері зақымданды

Оралда мектептегі кварцтан оқушылардың көздері зақымданды
ашық дереккөзі
Оралда мектепте кварцтан оқушылардың көздері зақымданды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәліметінше, оқиға 4 қыркүйек күні №3 орта мектепте болды. «Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 8 оқушы жүгінген. Сондай-ақ 2 балаға емхананың жедел жәрдем көлігі шақырылған. Барлығы 10 баланың көзіне зақым келген. Бәріне мединалық жәрдем көрсетіліп, амбулаторлық ем алуға жолданды. Оларға электрооофтольмия диагнозы немесе көздің қасаң қабығының жеңіл дәрежедегі күйігі деген диагноз қойылды», – деді ҚазАқпаратқа А.Сақпосынова. Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған мектепте 3 қыркүйек күні бақылаудың болмауына байланысты 2-ауысымда оқитын 7-сынып оқушылары үзіліс кезінде бактериацидтік шамды рұқсатсыз қосып, зақым алған. «4 қыркүйек күні оқушылар көздерінің ауыруына байланысты шағымданған. Барлық бала дәрігерлік тексеруден өтті. Жағдайлары қалыпты, үйлерінде. Осы оқиғаға байланысты барлық білім беру мекемелеріне қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды», – деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ата-аналар тарапынан шағым түспегендігін жеткізді.