Жаңалықтар

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар: Маңғыстауда кен орнындағы жатақхана өртенді

ашық дереккөзі

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар: Маңғыстауда кен орнындағы жатақхана өртенді

Бүгін таңертең Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнындағы жатақханада өрт шықты. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Алдын-ала хабарланған мәлімет бойынша өрттің салдарынан екі адам қаза болып, үш адам зардап шеккен. Қызыл жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметі ЖШС-ның екі өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - деп мәлімдеді ҚазМұнайГаз.