Елімізде 6,8 миллионнан астам адам вакцина салдырды

6 қыркүйек, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Елімізде 6,8 миллионнан астам адам вакцина салдырды 2021 жылғы 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 839 097 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады. Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны – 5 662 697 адам.