Әлем чемпионаты: Қазақстандық велошабандоз қола жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоз Кирилл Курдиди жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп жазды Sports.kz .
Курдиди 1000 метр қашықтықта үшінші келіп, қола жүлдені жеңіп алған. Бірінші және екінші орындарды Ресей және Германия спринтерлері бөлісті.
«Кирилды тамаша нәтижемен құттықтаймыз!» – деп жазады Қазақстандық велоспорт федерациясының Instagram-аккаунтында.
Еске сала кетсек, жасөспірімдер арасында велоспорттан әлем чемпионаты 1-5 қыркүйек күндері Мысыр елінің Каир қаласында өткен. Бұған дейін әлем біріншілігінде қола медальді қазақстандық велошабандоз Юлия Голубкова жеңіп алған болатын.