Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 8 өңірінде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазгидромет 6 қыркүйек күні еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 6 қыркүйекте Атырау облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с. Түркістан облысында күндіз облыстың солтүстігінде және батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.