Қытайда әйелге ұқсайтын еркектерді телеарнадан көрсетуге тыйым салынды

Қытайда әйелге ұқсайтын еркектерді телеарнадан көрсетуге тыйым салынды

Қытайда әйелге ұқсайтын еркектерді телеарнадан көрсетуге тыйым салынды
ашық дереккөзі
Бет әлпеті қызға ұқсайтын еркектер телеарнадан көрсетілмеуі тиіс. Қытай билігі осыған тыйым салды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады, деп жазды 24.kz. Енді телеарналар әдепсіз интернет жұлдыздарын дәріптеу және байлық пен атақ-даңқты насихаттаудан аулақ болуы қажет. Мұның орнына Қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен социализмнің озық мәдениетін көрсетуге басымдық беріледі. Айта кетейік, бірер күн бұрын ғана Қытай үкіметі кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге аптасына 3 сағаттан артық онлайн ойын ойнауға болмайтынын жария етіп, тыйым салған болатын. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шара танымал адамдарға тым қатты еліктемеуге септігін тигізеді-мыс.