Елордада ер адамның көлігінен қару мен оқ дәрі табылды

Елордада ер адамның көлігінен қару мен оқ дәрі табылды

Елордада ер адамның көлігінен қару мен оқ дәрі табылды
ашық дереккөзі
Елордада көлігінен қару мен оқ-дәрі табылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында сағат 22:05-те Баршын көшесінде алдын ала берілген жедел ақпарат бойынша 32 жастағы ер адам тізгіндеген «TOYOTA» маркалы автокөлігін тоқтатты. Ұсталған азаматтың көлікке қатысты құқық белгілеуші құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлікті тексеру барысында үш ас үй және аңшылық пышақ, 32 мм калибрлі тегіс ұңғылы қару және оның патрондары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.