Жаңалықтар

Алматы облысында Ішкі істер бөлімінің басшылары қызметінен босатылды

ашық дереккөзі

Алматы облысында Ішкі істер бөлімінің басшылары қызметінен босатылды

Алматы облысының Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауысты. Сонымен қатар, екі қызметкердің жұмыстан босатылғаны белгілі болды. "Алматы облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 2016 жылдың 13 қазанында тергеу жөніндегі Жамбыл аудандық ІІБ басшысы мен кезекші бөлімнің басшысы қызметінен босатылды", - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл мен ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев редакция жолдаған сауалға берген жауабында. Сондай-ақ, Жамбыл аудандық ІІБ басшысының 3 қазаннан бері ауруханада жатқаны белгілі болды. "Жамбыл аудандық ІІБ басшысының ауруханада ем алып жатуына байланысты Алматы облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 3 қазаннан бастап бұл қызметке уақытша полиция подполковнигі Махатов М.М. тағайындалды", - делінген ҚР ІІМ өкілдері берген жауапта.