Жаңалықтар

«Талибан» өкілі: Қытай – қозғалыстың басты серіктесі

«Талибан» қозғалысы Қытайды басты шетелдік серіктесі санайды. Бұл туралы ұйымның өкілі Забиулла Мужахид айтты, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Қытай (…) біз үшін ерекше мүмкіндік, өйткені ол біздің елге инвестиция салуға дайын», — деді ол.

Оның айтуынша, ҚХР тәліптерге соғыстан кейін Ауғанстанды қайта құруға көмектеседі.

Сонымен қатар Забиулла Мужахид Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» экономикалық жобасына оң баға беріп, Бейжіңнің «ежелгі Жібек жолын» қайта жаңғыртып жатқанын атап өтті. Мужахидтің айтуынша, Талибан Бейжіңнің Ауған тау-кен өндірісін қалпына келтіруге көмектесетініне сенеді.

Бұған дейін «Талибан” Қытаймен болашақ ынтымақтастық туралы, сондай-ақ елді қалпына келтіру процесіне Түркияны қосу ниеті туралы мәлімдеген болатын. “Талибан” Анкарадан денсаулық сақтау, білім беру, экономика, құрылыс және энергетика салаларын дамыту бойынша көмек алғысы келетінін атап өтті.

Back to top button