Алматыдағы қаңғыбас мысықтарды тамақтандыруға 4,3 миллион теңге бөлінеді

Алматыдағы қаңғыбас мысықтарды тамақтандыруға 4,3 миллион теңге бөлінеді

Алматыдағы қаңғыбас мысықтарды тамақтандыруға 4,3 миллион теңге бөлінеді
ашық дереккөзі

Алматыда жануарларға қатысты пилоттық жоба басталады. Әкімдік қаңғыбас мысықтарды тамақтандыруға 4,3 миллион теңге бөледі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің басшысы Әйгерім Жақсылық хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Пилоттық жоба "Алматыда қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасының" таныстырылымы аясында ұсынылды. Сондай-ақ, 45 000 үй жануарларын чиптеу жоспары да бар. Биыл үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және кастрациялау бағдарламасымен 4000-ға жуық ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр. Оған 51 747 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бағдарламаның басталуы қыркүйек айының ортасына жоспарланған.