Жаңалықтар

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті

ашық дереккөзі

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті

Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Дементьева, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастары, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ және БАҚ қатысты. Іс-шараның мақсаты – тіл мәдениеті мен жалпы адамзаттық рухани құндылықтар қағидаттарына негізделген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайту және дамыту. ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өзінің алғы сөзінде ҚР Президентінің жаңа Жолдауының маңыздылығы туралы айтып, Мемлекет басшысының тіл саясатына басымдық бергенін назарға алды. Сондай-ақ, ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап республикада бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін ескеретін, елдің барлық этностарының тілдік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазіргі таңда әр түрлі этностың көптеген жастары қазақ тілінде сөйлейді деген пікірлерін білдірді. Онлайн-конференция барысында республикалық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА өңірлік құрылымдарының өкілдері мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстандағы тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметі жағдайында тіл саясатын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары бойынша қызықты пікір алмасу болды.