Президенттік кадр резервіне құжат қабылдау басталды

Президенттік кадр резервіне құжат қабылдау басталды

Президенттік кадр резервіне құжат қабылдау басталды
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Президенттік жастар кадр резервіне 50 резервші іріктелетін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде басталған болатын. Құжаттарды қабылдаудың екі күні ішінде іріктеуге қатысуға 1251 өтінім келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады. Президенттің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жыл.