Жаңалықтар

Бішкекте Жамбылдың қырғыз тіліне аударылған таңдамалы шығармаларының таныстырылымы өтті

ашық дереккөзі

Бішкекте Жамбылдың қырғыз тіліне аударылған таңдамалы шығармаларының таныстырылымы өтті

Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына және Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы ғылыми конференция өтті. Манас және Ш. Айтманов ұлттық академиясында өткен басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев, Қырғыз Республикасы Манас және Ш.Айтматов ұлттық академиясы президенті Топчубек Тургуналиев, Қырғыз Республикасының Ұлттық жазушылар одағының төрағасы Нұрланбек Калыбеков, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, сонымен бірге бірқатар қазақ-қырғыз зиялы қауымының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, көрнекті мемлекет қайраткері, белгілі жазушы Каныбек Иманалиевтің “Тагай бий (Мухаммед Кыргыз)” атты тарихи повесінің тұсаукесері өтті. Аталған еңбек ХVI  ғасырда жасап, қырғыз елінің  басын біріктіріп, ел болуға негіз қалаған Тағай бидің өміріне арналған. Тағылымды шара  қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен өтетін ХІV халықаралық аламан айтысқа ұласты.