Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева елордадағы коронавирусқа қатысты жағдайды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада COVID-19 індетін жұқтыру бойынша жағдайларды тіркеу қарқыны төмендеп келеді. 10 күн бойы күніне жұқтырғандар саны 650-ден аспайды, ал соңғы аптада орташа тәуліктік тіркеу 470-ті құрады. Нәтижесінде, тамыз айында ауру деңгейі шілдемен салыстырғанда 21 пайызға төмендеді. Аптасына сырқаттанушылықтың төмендеу қарқыны 25-тен 31 пайызға дейін сақталады. Ал соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда өткен аптамен салыстырғанда 31 пайызға төмен болды», - деді Ж. Пралиева онлайн брифингте. Оның айтуынша, бір апта ішінде COVID-19 індетін жұқтырғандар 3355 адамды құрап (өткен аптада – 4920 адам), 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 258,2-ні көрсетті. «Ауру деңгейінің төмендеу үрдісіне қарамастан, қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау көрсеткіштері бойынша «қызыл аймақта» тұр. Сырқаттанушылықтың жалпы құрылымында клиникалық белгілері бар науқастардың жоғары үлес салмағы (78-79 %) сақталып отыр», - деді Жанна Пралиева.