Елордадағы мектептердің бірінде өрт шықты

Елордағы №54 мектепте өрт тұтанып, оқушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

«Бүгін сағат 09.10-да «102» арнасына Иманбаев көшесіндегі №54 орта мектепте өрт шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Полицияның күшімен оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз жерге көшіріліп, жақын маңдағы көшелер қоршауға алынды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына арнайы техника жұмылдырылған. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Өрт толықтай сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы ықтимал. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде», – деді департамент.

Back to top button