Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Қазгидромет 4-6 қыркүйекке арналалған ауа райы болжамын жариялады. Батыс өңірлер белсенді фронтальді бөлімдер аймағында болады. Мұнда найзағай, бұршақ, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен құрғақ және шуақты ауа-райы сақталады. Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 17-26 градус, солтүстікте ауа температурасы түнде 4-13, күндіз 22-30 градус ыстық, орталықта және шығыста түнде ауа температурасы 2-17 градус, күндіз 25-36 градус ыстық, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 14- 22, күндіз 29-38 градус ыстық болады.