Паралимпиада: таэквондошы Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

Паралимпиада: таэквондошы Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

Паралимпиада: таэквондошы Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы кездесуін өткізді, – деп жазды Sports.kz. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Нұрлан аргентиналық Хуан Самораномен кездесіп, 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол негізгі тордағы кездесуді жалғастырады, ал Саморано жұбаныш жекпе -жектеріне қатысады. Айта кетейік, аталған ойындарда Домбаев еліміздің паралимпиадалық құрамасының туын көтеріп шыққан болатын. Бүгін тағы бір қазақстандық таеквондошы Камиля Досмалова бірінші жекпе-жекте сербиялық қарсыласынан жеңіліп қалды, алайда жұбаныш раундының ширек финалына жолдама алды.