Елімізде 93504 адам онлайн санақтан өтті

Елімізде 93504 адам онлайн санақтан өтті

Елімізде 93504 адам онлайн санақтан өтті
ашық дереккөзі
3 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 93504 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 83188-і sanaq.gov.kz сайтында, 8639 Egov порталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 1677 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты, – деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Алғашқы екі күннің қорытындысымен Павлодар облысы алда келе жатыр. Аймақта 16075 адам санақтан өткен. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордалықтардың 15509-ы санақ сауалдарына жауап берген. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орын Маңғыстау және Атырау облыстарының еншісінде. Бұл өңірлерде сәйкесінше 1406 және 1230 адам санақтан өтіпті.