Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады – Қазгидромет

Жұма күні елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады, кей өңірлерде тұман түсіп, түнде үсік жүруі ықтимал, – деп хабарлайды Қазгидромет.

3 қыркүйекте антициклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек батыс өңірлер циклон ықпалында, батыста және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, күндіз еліміздің батысында нөсер жауады. Елімізде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ жаууы мүмкін, орталықта тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысынының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, найзағай жарқылдайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысы және орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғуы мүмкін, батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Қостанай облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Back to top button