Жаңа қаулы: ертеңнен бастап Алматыда шектеу шаралары жеңілдейді

Жаңа қаулы: ертеңнен бастап Алматыда шектеу шаралары жеңілдейді

Жаңа қаулы: ертеңнен бастап Алматыда шектеу шаралары жеңілдейді
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, Алматыда демалыс күндеріндегі карантиндік шаралар 4 қыркүйектен, ал жұмыс күндеріндегі карантин 6 қыркүйектен бастап жеңілдетіледі. ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен таныса аласыз.