Сот үкімі: Петропавлда аялдаманың әйнегін шаққан бойжеткен қамалды

Сот үкімі: Петропавлда аялдаманың әйнегін шаққан бойжеткен қамалды

Сот үкімі: Петропавлда аялдаманың әйнегін шаққан бойжеткен қамалды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Петропавлдағы Н.Назарбаев көшесіндегі аялдаманың әйнегін сындырған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты. Петропавл қалалық әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соты қоғамдық орында мас күйде құқықбұзушылық жасаған облыс орталығының тұрғынын 434 баптың 1 бөлігі - «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп тапты. Бойжеткен сот үкімімен 3 тәулікке қамауға алынды. Естеріңізге салайық, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны полицияға хабарласып, құрылыс-экономикалық колледждің маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан еді. Полицейлер бұзақыларды сол жерде ұстады. «Аялдама павильондарын бұған дейін де бұзақылар зақымдап келді. Биыл қаңтар айында бірден үш аялдаманы қиратқан жігіттерге қылмыстық іс қозғалды. Олар мұндай құқық бұзушылыққа арақтың буымен барады», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы Рустам Садулов.